Қарашаның 11-і жұлдызында университетіміздің құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы Қ.М Досжанов құқықтану мамандығының 3 курс студенттеріне аты аңызға айналған, қазақтың біртуар перзенті, әйгілі қолбасшы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай, батырдың есімін ұлықтау, өшпес ерлігін дәріптеу мақсатында «Тұлғасы тұңған тәлім, есімі елге мәлім» атты тәрбиелік шарасын өткізді.
Тәрбиелік шара барысында батырдың сұрапыл соғыс жылдарында ұрыс алаңдарында жасаған ерліктері, соғыстан кейіңгі жылдардағы жасаған қызметтері, естеліктері жайлы айтылып, бейне жазбаларда ұсынылды.
Александра Бектің «Волоколам тас жолы» кітабын негізге ала батырдың ержүрек қайтпас қайсарлығы, аса дарынды стратег, тактик қолбасшылық қасиеттерін сипаттау арқылы шараның негізгі бөлімі желісін тапты. Тіпті Куба басшысы Фидель Кастроның да түрмеде отырған кезде көзқарасының нығаюына әсер еткен осы шығарманың негізгі кейіпкері біздің қазақ батыры екеніде назардан тыс қалмады.
Студеттер еліміздің әр өңірінен байланысқа шығып, жергілікті кітапханалардан Бауыржан Момышұлының өзі жазған кітаптарын және батыр жайлы жазылған естеліктермен таныстырды. Көпшілік біле бермейтін батыр жайлы тың деректерде баяндалып, назарға ұсынылды.
Шара соныңда университетіміздің тәрбие ісі жөніңдегі проректор Т.М Дәрішова шараға оң бағасын беріп, ұсыныс- тілектерің жолдады. Түймеш Малбағарқызы студенттерге батырдың қайсарлығы мен шыңшылдығы туралы пікір білдіріп, студенттерге заңгер ретінде осы қаситеттерді бойларына сіңірудің маңыздылығын түсіңдіріп қана қоймай, болашақ жастардың жалын - жігері мен біліміне тікелей байланысты екенің үлкен мативациалық мәнде жеткізіп берді.