Қараша айының 4-ші жұлдызында Тарих, экономика және құқық факультеті Құқықтану кафедрасының оқытушылары Рамазанова Гулнар Айбекқызы мен Отеуова Ақжамал Қадыржанқызының ұйымдастыруымен «Құқықтану» мамандығының 4 курс студенттерімен «Сот сараптамасы» пәнінен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Кездесу қонағы «Сот медициналық сарапшысы» - Бисембаев Бауыржан Иргалиевичпен «Zoom» – видеоконференциясы өткізілді.Сарапшы қонағымыз 4 курс студенттерімізге сот сарапшысының жұмысы, міндеттері мен құзыреттілігі, сараптама түрлері, сараптама тақырыбы, сараптамалық зерттеу кезеңдері, сарапшының пікірін бағалау туралы түрлі студенттеріміз үшін өте қызықты тақырыптарда әңгімелеген болатын. Студенттеріміз өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, өз көңілдерінен шығатын жауап алып, студенттер арасында өте жарасымды қарым-қатынас орнап кездесу өте жоғарғы деңгейде өткізілген болатын. Бұл кездесу студенттеріміздің көңілінен шығып ұнады. Кездесуіміздің қонағы Бисембаев Бауыржан Иргалиевичке студенттеріміздің сан сауалына жауап беріп осындай жылы кездесудің қонағы болғаны үшін алғысымызды білдіреміз.