«Ұлы дала фольклоры мен музыкасының жолы» атты онлайн форматтағы ашық кураторлық сағат

Қазан айының 30-жұлдызында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Тарих, экономика және құқық факультеті құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, топ кураторы А.Ж.Куспанова және «Құқықтану» мамандығының ЮР-37, 41, 45 топтарының ұйымдастыруымен «Ұлы дала фольклоры мен музыкасының жолы» атты онлайн форматтағы ашық кураторлық сағат ұйымдастырылды. Кеш қонағы ретінде А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі, мектеп оқушыларынан құрылған «Атамекен» ұлт-аспаптар ансамблінің жетекшісі Зауреш Кабдрахманқызы шақырылды. Шараның мақсаты – қазақ фольклоры мен музыкасын сақтау, ұлы дала мұрагерлерінің халық шығармашылығының үздік үлгілерін жинау және музыкалық аспаптар, ауызша шығармашылық, арнайы музыкалық жанрларды (күй, жыр, айтыс) насихаттау.
Шара барысында студенттер кеш қонағына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, біршама пайдалы кеңестер мен кеш қонағы жайлы көптеген ақпараттар алды. Танымдық кеш барысында Зауреш Кабдрахманқызы өзінің өнерлі шәкірті Аманжол Меруертпен Құрманғазының «Адай» күйін қонақкәде ретінде ұсынды. Кеш құқықтық пәндер кафедрасының 3-курс студенті Мұхамеджанның керемет әнімен аяқталды. Шараның ұйымдастырушысы топ кураторы Куспанова Айгерім Жалғасқызы кеш қонағына өзінің тілек-лебізін білдірді.

kesh1.png - 366.51 kB


Басып шығару