«Жаза тағайындау» тақырыбында тікелей сот залынан онлайн дәріс

28 қазан 2020 жыл.

Бүгін университетімізде құқықтық пәндер кафедрасы меңгерушісі Л.Серикованың  бастамасымен құқық қорғау органдары мен университет арасындағы әлеуметтік байланысты жетілдіру аясында онлайн шара ұйымдастырылды. Шарада Алматы қаласының Медеу аудандық сотының төрағасы Маликова Айгүл Шарипханқызы университетіміздің құқықтану білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне қылмыстық құқық пәнінен «Жаза тағайындау» тақырыбында тікелей сот залынан  “Zoom”    қосымшасы арқылы дәріс оқыды.

Іс шараға профессорлық оқытушылық құрам мен студент қатысты. Дәрістің мақсаты болашақ заңгерлерге қылмыстық жаза түсіңігі, мақсаты, жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән жайлар туралы түсіңдіру болды.

Дәріс барысында сот төрағасы Айгүл Шарипханқызы қылмыстық құқықбұзушылық жасалғаннан кейін міндетті түрде қылмыстық жауаптылық туындайтыны және заңда көрсетілгендей  оған тиісті жаза тағайындалатыны, жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау әр судья үшін сот процесіндегі ең күрделі, маңызды және негізгі сатысы болып табылатыны туралы баяндалды. Сот жаза тағайында барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, қыдмыстық кодексін , заңдарын, Жоғары соттың нормативтік қаулыларын басшылыққа алатыны туралы түсіңдірді.

Дәріс соңында сот төрағасы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, бұл шара әрі қарай жалғасын табатының, студенттердің тікелей сот процесіне қатысу мүмкіндігінің болатынан хабар етіп, университетпен  ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы ұсыныстар мен пікірлер алмасып тарқасты.

 

j67.png - 343.90 kB

j68.png - 264.82 kB

j69.png - 856.92 kB

 

 


Басып шығару