Студенттік ортадағы лидер - қыздар

4 наурыз күні Бизнес, басқару және туризм білім беру бағдарламасында 8-наурыз мерекесі қарсаңында "Студенттік ортадағы лидер - қыздар" тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Кештің басты мақсаты, факультет пен университет деңгейінде студенттік өмірге белсене араласып, жоғары нәтиже көрсеткен қыздардың еңбегін бағалап, оларды ынталандыру.

Шараны ашқан білім беру бағдарламасының жетекшісі А.Н. Шарафутдинова студенттерді құттықтап, көшбасшылық қасиеттерді дамыту маңыздылығы туралы жылы лебізін білдірді. Дөңгелек үстел барысында студенттердің оқу мен қоғамдық және тәрбиелік жұмыстары, түрлі жобалармен іс - шараларға қатысқан тәжірибелері, жетістіктері туралы айтылды. Соңында, қатысушыларға шығармашылық белсенділіктерімен, қоғамдық өмірге қосқан үлестері үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды. Мерекелік көңіл-күйді арттыру мақсатында фуршет ұйымдастырылды.


Басып шығару