Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқытушыларымыз э.ғ.д, профессор Гиззатова А.И, э.ғ.к, доцент Ерниязова А.А., э.ғ.магистрі Турниязова А.Қ., аға оқытушы Чудрова В.У. 2025-2026 оқу жылындағы ақпан айынының 9 мен 24 аралағында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университетінде тәжірибе алмасу мақсатында дәріс және семинар сабақтарын өткізуде.
Экономика және құқық факультетінің деканы, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Утепқалиева Қ.М, Экономика, Менеджмент, Бухгалтерлік есеп және Қаржы мамандықтарының кафедра меңгерушілері жылы қарсы алып, университеттің тыныс тіршілігімен, ғылыми кітапхана қорымен, арнайы жабдықталған оқу кабинеттерімен таныстырып, ғылыми және оқу үдерісін ұйымдастыруды қамтамасыз етті, оқытушыларымызға сәттілік тілейміз.






