Стейкхолдерлермен ынтымақтастық және жаңа белестер

     15 қараша-Ұлттық валюта  күніне орай Бизнес, басқару және туризм білім беру бағдарламасының жетекшісі А.Н.Шарафутдинова білім беру бағдарламасын дамытуға белсенді үлес қосып жүрген стейкхолдерларды  М.Өтемісов атындағы БҚУ ректорының  арнайы алғыс хатымен  марапаттады. Бүгінгі таңда , стейкхолдерлер ЖОО-ның стратегиялық дамуына, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау процесіне маңызды рөл атқарып келеді.

Экономика бағыты бойынша марапатталған стейкхолдерлар:

- ҚР Ұлттық банкінің еңбек сіңірген қызметкері, банк жүйесінің ардагері Сатыбалдина Галия Камчатовна;

– «Қазақстан Халық Банкі» АҚ БҚО филиалының ШОБ бойынша директор орынбасары Тю Бэла Владимировна;

- Батыс Қазақстан өңірлік электр желілік компаниясы "ЖШС-нің Экономика және қаржы жөніндегі директоры Картмамбетова Жанна Ниязовна;

- ҚР ДСМ БҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ММ филиалының бас бухгалтері Сагатова Айгуль Досымовна;

– «ASaR AutoTrans» ЖШС-нің директоры Бисенгалиев Арман Нурланович;

– «САТ – Сентрал Азия Трейдинг» ЖШС-нің бас бухгалтері Жунусова Айнур Сабиргалиевна.

Білім беру бағдарламасының жетекшісі  өз сөзінде стейкхолдерлердің тәжірибелік білім беру, бірлескен жобалар және студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіру бағытындағы қолдауының маңыздылығын атап өтті.Бұл марапат – бөлімнің жүйелі жұмысын, сапалы менеджментін және өңірдің бизнес-қоғамдастығымен тұрақты әріптестік орнатудағы жоғары деңгейін көрсетеді. Стейкхолдерлар тарапынан көрсетілген сенім мен қолдау білім беру бағдарламасының дамуында маңызды рөл атқарады.


Басып шығару