30 қыркүйек күні Тарих, экономика және құқық факультетінде, көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, ұрпаққа өнеге болған тұлға В.С.Трибунскийдің 90 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш іс-шараға факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысып, мерейтой иесін құттықтап, оның ғылым мен білім саласына қосқан өлшеусіз үлесін ерекше атап өтті. В.С. Трибунскийдің ұзақ жылғы педагогикалық және ғылыми еңбегі жас ұрпақ тәрбиесі мен білім беру ісінде айрықша маңызға ие екендігі баса айтылды.
Кездесу барысында әріптестері мен шәкірттері ғалым жайлы жүрекжарды естеліктерімен бөлісіп, оның адами қасиеттерін, ұстаздық даналығын және ғылыми ізденістерін айрықша атап өтті. Дөңгелек үстел барысында ғалымның ғылыми еңбектері мен әдістемелік мұрасының бүгінгі күні де өзекті екендігі және болашақта жас ғалымдар үшін құнды бағыт-бағдар болып қала беретіндігі ерекше назарға алынды.
Мерейтойға арналған шара жылы лебіздерге, ізгі тілектерге толы болып, ғылымға адалдық пен ұстазға деген құрметтің айқын көрінісіне айналды.



