«Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу»

26 қыркүйек күні «Бизнес, басқару және туризм» білім беру бағдарламасының 1–3 курс студенттері арасында «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Кездесу барысында студенттер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы негізгі бағыттармен танысты. Атап айтқанда, заманауи цифрлық технологияларды енгізу, жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық сауаттылықты арттыру және болашақтың бәсекеге қабілетті қоғамын қалыптастыруға қатысты міндеттер талқыланды.

Сонымен қатар, цифрлық трансформацияның экономика, білім беру және әлеуметтік сала үшін маңызына ерекше көңіл бөлінді.

Кураторлық сағат студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және жаһандық өзгерістер жағдайында мемлекеттің стратегиялық бағытын түсінуге ықпал етті.

Кураторлар: Егзалиева А.Б., Черемухина О.В.


Басып шығару