2025 жылдың 12 қыркүйек күні Ар - намыс кодексімен таныстыру іс-шарасы өткізілді

2025 жылдың 12 қыркүйек күні Бизнес, басқару және туризм БББ 1-3 курс студенттеріне арналған Ар - намыс кодексімен таныстыру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік, әдеп пен мәдениет құндылықтарын сіңіру, сондай-ақ оқу үдерісінде академиялық адалдық қағидаларын орнықтыру болып табылады.

Жиын барысында кураторлар Черемухина О.В., Егзалиева А.Б. студенттерге Ар-намыс кодексінің негізгі қағидаларын таныстырды:

  • оқу үдерісінде адалдық пен әділдікті сақтау;
  • тәртіп пен уақытты бағалау;
  • оқытушы мен құрбы-құрдасқа құрмет көрсету;
  • ашықтық пен әділдікке сүйену;
  • университет беделін көтеру жолында жауапкершілік таныту.

Іс-шара барысында студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Аталған іс-шара студенттердің құқықтық және моральдық мәдениетін арттыруға, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті. Студенттер Ар-намыс кодексін құрметтеп, оның қағидаларын ұстану арқылы университеттің дамуына өз үлестерін қосатынына сенім білдірді.


Басып шығару