"Жақсы ойлар мен үлкен мақсаттар үшін"

17 ақпанда 6В11101 - Туризм білім беру бағдарламалары үшін, "Жақсы ойлар мен үлкен мақсаттар үшін" атты "OralTour" турфирмасының директоры Есмағұлов Жарас Талапұлымен кездесу кеші өтті.

Кездесу кешіне, М.Өтемісов атындағы БҚУ, тарих,экономика және құқық факультеті студентері мен Сервис және жаңа технологиялар колледжнің туризм мамамындығы студенттері қатысты.

"OralTour" турфирмасы қаламыздағы  ішкі туризмді қолға алған алғашқы фирмалардың бірі. 5 жыл ішінде Ақтау, Түркістан, Алматы, Көкшетау аймақтарына турлар ұйымдастырып, әрбір саяхатшының көңілін табуда және де жасбуынды еліміздегі туризм саласын дамытуда бірге жұмыстануға шақырды.

Бұл студенттерге өз мамандықтарының жақсы жақтарын көруге, алдағы өмірлеріне сеніммен қадам басуға үлкен улесін қосты. Кеш соңында колледж студенттеріне университетіміз жайында, қысқартылған оқу түріне ақпараттар берілді.


Басып шығару