2025 жылдың 03.02. - 28.02 аралығында Тарих, экономика және құқық факультетінде "Жоғары мектепте инновациялық білім беру технологияларын қолдану тәжірибесі" тақырыбында ұйымдастырылған әдістемелік айлықтың шеңберінде "Бизнес, басқару және туризм" БББ-ның аға оқытушысы З. Ю. Янтурсина "Микроэкономика" пәні бойынша "Сұраныс пен ұсыныс икемділігі" тақырыбына ЭиМ-11 1-курс студенттерінің қатысуымен ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялар бөлімінің әдіскері Ермекбаева Лаура Джасузаковна, факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары. С. М. Утешова және БББ-ның оқытушылары қатысты.
Оқытудың жаңа технологиялары мен әдістерін қолдана отырып, презентациялау арқылы тақырыпта қамтылған формулалар мен графиктер тыңдаушылардың материалды жетік ұғынуына мүмкіндік берді. Дәріс соңында сабақты бекіту мақсатында WORDWALL платформасын пайдаланып, студенттерге тест тапсырмасын орындатты. Студенттер бұл платформаға QR код арқылы кіріп, тест сұрақтарына жауап берді. Бұл әдіс студенттердің шапшаңдығын, әрі дұрыс жауап берулерін есепке алады. Оқытушы осы әдісті пайдалану арқылы дәріс сабағын бағалауға мүмкіндік алды.