Қыркүйек айының 25-і күні Халықаралық туризм күніне орай «Атамекен» туристік базасында Тарих, экономика және құқық факультетінің экономика және менеджмент кафедрасы, Туризм мамандығының ұйымдастыруымен «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» атты туриада өтті.
Аталған шараға З.Ж.Талғатова мен Ф.Кабдыгалиевна кураторлық ететін туризм мамандығының 1-3 курс студенттері, экономика және менеджмент, мемлекеттік жергілікті басқару мамандықтарының 1- курс студенттері қатысты. Туриаданың негізгі мақсаты: студенттерді салауатты өмір салтына баулу, олардың бір-бірімен танысып, таза ауада демалыс уақытын қызықты өткізуді қамтамасыз ету.
Туриада арнайы белгіленген жоспар бойынша жүргізілді. Туризм мамандығының 3-курс студенттерінен әр топқа жетекші тағайындалып, түрлі бағыттар бойынша өзара сайысқа түсті. Атап айтқанда, волейбол, өнер көрсету, туристік кедергілерден өту секілді сайыстар өткізілді. Студенттер ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ойнап уақыттарын өте қызықты өткізді.
Туриада соңында З.Ж.Талғатова қорытынды сөз сөйлеп, белсенді қатысқан студенттерге әр түрлі бағыт бойынша номинациялар табыстады.