Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің командасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедрасының https://www.kaznu.kz/ ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Пандемия жағдайындағы өзгерістерді басқарудың инновациялық идеялары» тақырыбына «Менеджмент» мамандығы бойынша XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысып жүлделі 2- орынға ие болды.