Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай Экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы З.Ю.Янтурсина және ГМУ-31 тобының ұйымдастырумен «Ұлттың ұлы ұстазы» атты танымдық сайыс оздырылды.
Мақсаты - қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбегін жан – жақты таныстыру. Ы.Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алу, студент жастардың еліне,халқына сүйіспеншілігін арттыру үшін ұлы тұлғаларды насихаттау.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Сайысқа 1-2-курс студенттерінен құралған 4 команда қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша:
1-орын ГМУ-21 тобының “АЙҚАП” командасы;
2-орын ГМУ-11 тобының “ҚАНАҒАТ” командасы;
3-орын ЭиМ-11 тобының “ГЕРМЕС” командасына бұйырды.
Ал Ф-11 тобының “СҰҢҚАР” командасы Алғыс хатпен марапатталды.
https://histecon.wku.edu.kz/index.php/kk/novosti/18-ekonomika-zh-ne-menedzhment-kafedrasy/349-ltty-ly-stazy#sigFreeIdef9388120e