Chevron, ҚР-дағы Ұлыбритания елшілігі жанындағы British Council Kazakhstan ұйымдастыруымен "I-SEED HACK WEEKEND" хакатоны онлайн форматта өтті.Хакатонға Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары жоғары оқу орындарының командалары қатысты.
Байқауда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің атынан Тарих, экономика және құқық факультетінің студенттерінен құралған "Новаторлар" командасы бағын сынады.
Команда капитаны – Али Сагынов. Команда мүшелері: Асем Кереева, Мағжан Смағұл, Никита Бабенко, Жантөре Қамбазар. Ғылыми жетекшісі – доцент Сүлейменова Гульнар Наухановна.
"Новаторлар" командасы жұмыс пен қалыпты өмір балансы тақырыбында “Homework “ мобильді офиспен қамтамасыз ету қызметі жобасын жасап, таныстырды.
Қазылар алқасының шешімімен Батыс Қазақстан университеті командасы 2 орынға ие болды. Ұйымдастырушылар тарапынан команда арнайы сыйлықтармен, халықаралық дәрежедегі сертификаттармен және 50 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды.