Қараша айының 3 жұлдызында тарих, экономика және құқық факультеті, экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Мухамбеткалиева Фарида Кабдыгалиевнаның ұйымдастыруымен «100 жаңа оқулық: білім жаңғыруының бастауы» атты онлайн танымдық сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын студенттерге насихаттау.
Сайысқа экономика және менеджмент кафедрасында білім алатын бес студент қатысып, «Ұяшықтар», «Автор және оқулық», «Бәйге» деп аталатын үш кезең бойынша бақ сынады.
Танымдық сайыста экономика, бизнес, кәсіпкерлік, маркетинг, инновация бағытындағы оқулықтар қарастырылды.
Нәтижесінде Т-21 топ студенті Қабекен Жұпархан 1-ші орынды иеленсе, 2-ші орынды Мен-31 топ студенті Сембаев Мақсат, 3-орынды Т-21 топ студенті Қосалиев Нұрхат иеленді. Сайысқа белсене қатысқандары үшін Кереева Асем мен Тулегенова Айнагүл алғыс хатпен марапатталды.

