XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиададан 2 орын алды

2021 жылғы 28 сәуір күні Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастыруымен XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада онлайн форматта өткізілді. Олимпиадаға «Менеджмент» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерінен құралған команда қатысты.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – Жобалар сайысы. Осы кезең іріктеуінен өткен командалар екінші кезеңге жолдама алады. Осылайша олимпиаданың екінші кезеңіне жалпы саны 11 ЖОО-ның командасы өтті. Екінші кезең тестілеу, көшбасшылар турнирінен тұрды.

Қорытынды бойынша М.Өтемісов атындағы БҚУ, "Менеджмент"білім беру бағдарламасының  2 курс студенттері Бектемирова Арайлым(топ көшбасшысы), Бекен Ақгүл және Мұхырова Аида жүлделі 2 орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі – экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.м А.Ж.Акмалиева.

 


Басып шығару