"Қаржылық лабиринт" іскерлік ойыны өткізілді

19 қараша күні Тарих, экономика және құқық факультеті Есеп және қаржы кафедрасының аға оқытушысы Ш.М.Алтыбаеваның ұйымдастыруымен Есеп және қаржы, Экономика және менеджмент кафедрасының 1-3-курс студенттерінің арасында қаржыгерлер күніне орай "Қаржылық лабиринт" іскерлік ойыны өткізілді.
Шараға Тәрбие бөлімінің жетекшісі Ж.Е.Ешимова, факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Н.Майманова мен Есеп және қаржы кафедрасының оқытушылары қатысты.
Іскерлік ойында 8 студент 7 раунд бойынша бақтарын сынады.
Нәтижесінде Ерболова Аяжан I орынға,
Нурханова Саяжан ІІ орынға,
Амирбекова Мөлдір ІІІ орынға және
Джарикбаева Адема ІV орынға жайғасты.
Шара соңында Ж.Е.Ешимова қорытынды сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады. "Қаржылық лабиринт" іскерлік ойынына қатысқан студенттер қаржылық сауаттарын арттырғанын айтып, ұйымдастырушы, аға оқытушы Ш.М.Алтыбаеваға алғыс білдірді.


Басып шығару