«Менің Отаным - Қазақстан!» атты мәдени-танымдық кеш өткізілді

3 наурыз күні тарих, экономика және құқық факультетінің есеп және қаржы кафедрасының аға оқытушылары Баудиярова Э.Н., Тогжанова А.К. және қаржы, есеп және аудит мамандықтарының 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Менің Отаным - Қазақстан!» атты мәдени-танымдық кеш өткізілді.
«Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз» деп Тұңғыш Президентіміз айтқандай, алдымен Тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы баяндама оқылды. Туған ел жетістіктерімен танысқаннан кейін әр ұлт өкілдері (орыс, түрік, өзбек, кәріс, шешен) өз тілдерінде өте керемет әсерлі тілектерін жеткізді.


Басып шығару