Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Экономика" кафедрасының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары студенттері арасында "Smart student" республикалық зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынның 2 турына х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "Барыс" командасы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің "KAIZEN" командасы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің "Жетісу" командасы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Экономикс22" командасы қатысты. Зияткерлік ойын қорытындысы бойынша I орынды "Барыс" командасы иеленді, команда мүшелері: Жұмахметова Айзада, Санахметова Әйгерім, Убенова Ару. ІІ-орынды екі команда бөлісті - "Экономикс22" командасы, команда мүшелері: Ідріс Рзагүл, Толкынова Бота, Саткен Райхан және "Жетісу" командасы, команда мүшелері: Жумаханова Наргиз, Сайлаубаев Бекарыс, Воронцова Диана. ІІІ орынды "KAIZEN" командасы иеленді, команда мүшелері: Смағұл Мағжан, Марксова Малика, Байғазы Алмира. Қатысушы командаларға белсенділігі үшін алғыс айтамыз және шығармашылық табыс тілейміз!

