Республикалық сырттай олимпиада өтті

2021 жылдың 17 наурызында  Алматы қаласының «Тұран» университетінің  «Есеп және Аудит» кафедрасы кәсіпкерлік модуль аясында «Қаржылық есеп» , «Салықтық есеп және есептілік», «Қаржылық есептілік (бизнес субъектілерінің есептілігі)» пәндері бойынша ЖОО студенттері арасында Республикалық сырттай олимпиада өткізді.  Республикалық студенттік сырттай олимпиадаға (бұдан әрі – Олимпиада) күндізгі оқу нысанының 2-4 курс кәсіпкерлік модуль пәндерін оқитын ЖОО-ның бакалавр студенттері қатысты.

Бұл олимпиадаға ҚР-ң  37 ЖОО-нан 43 студент қатысты, оның ішінде М. Өтемісов атындағы  БҚУ-ң  «Есеп және аудит»  ББ бойынша оқитын орыс бөлімінің 2 курс студенттері: Манжари Элина, Толмачева Любовь, Бабенко Никита - ғылыми жетекші, "Есеп және қаржы" кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.м.  Жанғалиева Р. У.,  және қазақ бөлімінің 3 курс студенттері Амирбекова Мөлдір және Аманғали Динара қатысты  - ғылыми жетекшілері  «Есеп және қаржы»  кафедрасының аға оқытушылары Мустафина А. С. және Жанғалиева Р. У.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді: бірінші кезең – іріктеу кезеңі , 2021 жылдың 15 наурызында сырттай өткізілді. Пәндік олимпиадаға қатысу үшін: − «Бизнес субъектілерінің есеп жүргізу және есептілік жасау ерекшеліктері» тақырыбына өтінімдер мен эссе тапсыру қажет болды, оның қорытындысы бойынша екінші кезеңге қатысушылар анықталды. Өтінімдер мен эссені сараптау комиссиясы қарады  (Комиссия құрамында есеп және аудит саласындағы мамандар,  «Есеп және аудит»  кафедрасының ПОҚ);  сараптау комиссиясы іріктеуді жүзеге асырды. Біздің студенттер «Әлемдік пандемия жағдайында ҚР-да ШОБ-те салық салу ерекшеліктері»  тақырыбында эссе жазып, 2 кезеңге сәтті өтті.

Екінші кезең онлайн режимінде, олимпиаданың 1–ші кезеңінен өткендерге тестілеу және есеп беру нысандарын толтыру бойынша тапсырмалар түрінде өткізілді. 2 кезең 2021 жылдың 17 наурызында «Google Meet»  платформасында онлайн форматта өткізілді.

Олимпиада нәтижесі бойынша біздің екі команда да ҚР 37 ЖОО-нан арасынан  3-ші орынға ие болып Құрмет Грамотасымен марапатталды.


Басып шығару