2025-2026 оқу жылында 6В01601-Тарих, 6В02201-Тарих, мұрағат ісі және мұражайтану, 7М01601-Тарих БББ бойынша оқытушылардың міндетті және таңдау пәндеріне қатысты түсіндіру жұмыстары бойынша есебі
15 сәуір күні сағат 15:00-де 6В01601-Тарих, 6В02201-Тарих, мұрағат ісі және мұражайтану, 7М01601-Тарих БББ бойынша оқытушылардың міндетті және таңдау пәндеріне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқытушылардың пәндерді ұсыну әдістерін жақсарту, студенттердің оқу үлгерімін арттыру және олардың қызығушылықтарын ескере отырып, білім беру сапасын көтеру болып табылады. Түсіндіру жұмыстарының нәтижелерін бағалау үшін бірнеше әдіс қолданылды:
- Білім алушылармен сауалнама өткізіліп, олардың пәндерге деген қызығушылықтары мен пәндер бойынша ұсыныстары жинақталды.
- Оқытушылармен әңгімелесу арқылы оқыту әдістемелері мен білім алушылардың білім деңгейіне әсер ететін факторлар анықталды.
- Құжаттарды талдау арқылы пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалу деңгейі және білім алушылардың академиялық нәтижелері зерттелді.
2025-2026 жылдар аралығында бойынша 6В01601-Тарих, 6В02201-Тарих, мұрағат ісі және мұражайтану, 7М01601-Тарих БББ білім алушыларға төмендегі пәндер ұсынылды: Батыс Қазақстан тарихы, Мұрағаттану, Мұражайтану, Ежелгі Қазақстан тарихы, Қазақ халқының мәдениетінің тарихы, Қазақстанның ортағасырлар тарихы, Қазақстан мұражайларының тарихы, Ежелгі Қазақстан тарихы, Қазақстанның ортағасырлар тарихы, Қазақстанның Кеңестік және тәуелсіздік кезеңінің тарихы, Алаш қозғалысының тарихнамасы және деректануы, Тарихи - педагогикалық зерттеудің әдістері мен әдіснамасы т.б. Бұл пәндер студенттерге тарихи білімді кеңейту және тарихи деректерді талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Білім алушылардың арасында пәндерге деген қызығушылық әртүрлі болды. Білім алушылар «Қазақстанның ортағасырлар тарихы» және «Қазақстан тарихы» пәндеріне жоғары қызығушылық танытты. Оқытушылар пәндерді түсіндіруде түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Оқытушылардың көпшілігі білім алушылардың назарын аудару үшін интерактивті әдістер мен топтық жұмыстарды қолдануға тырысты. Сонымен қатар, олар тарихтың маңызды оқиғаларын және тарихи тұлғаларды талқылау үшін кинофильмдер мен мультимедиялық құралдарды пайдаланды. Академиялық нәтижелер бойынша, жалпы алғанда, студенттердің үлгерімі қанағаттанарлық деңгейде болды. Дегенмен, кейбір пәндер бойынша (Ежелгі Қазақстан тарихы, Алаш қозғалысының тарихнамасы және деректануы) білім алушылардың нәтижелері төмен болды. Бұл пәндер көбінесе теориялық тұрғыда күрделі болғандықтан, білім алушылар оларды толық меңгеруге қиындықтар кездестірді. Осыған байланысты, оқытушыларға пәндердің мазмұнын жеңілдету немесе практикалық жаттығуларды көбірек енгізу ұсынылды.









