«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбы аясында айлық жоба тарих, экономика және құқық факультетінде жалғасты. 2025 жылдың 12 ақпанында ҚР тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар-Ұрпаққа мұра» тақырыбында шара өткізілді. Бұл ұғым білім алушыларға ата-бабаларынан бізге жеткен рухани дүниелерін қадірлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу арқылы ұлттың бірлігі мен тұтастығын нығайтып, халықтың мәдени мұрасын дәріптеу болып табылады. Шараға тарих,экономика және құқық факультетінің 1-3 курс білім алушылары қатысты. Ұлттық сайыстар әр кезеңдерден тұрды таныстыру, салт-дәстүр, әдет-ғұрып ата баба аманаты сұрақтар, дәстүрлі ас мәзірі, өнерлі өрендер ән, би, мәнерлеп оқу болды. Шара қорытындысы бойынша үздіктер анықталып сертификаттармен және сыйлықтармен табыс етілді.