2025 жылдың 03.02-28.02 аралығында Тарих, экономика және құқық факультетінде «Жоғары мектепте инновациялық білім беру технологияларын қолдану тәжірибесі» тақырыбында ұйымдастырылған әдістемелік айлықтың шеңберінде ҚР тарихы кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к.,аға оқытушы А.С.Байбулсинова, оқытушы,магистр А.С.Ғұбай «Қазақстанның ортағасырлар тарихы» пәні бойынша «Инсайт» әдісімен 6В01601-Тарих БББ бойынша Ист-21 топ білім алушыларымен ашық сабақ өткізілді. Инсайт әдісі бойынша ашық сабақ — білім алушылардың жаңа білімді өздігінен ашуы мен түсінуіне бағытталған оқыту әдісі. Мұнда оқытушы мен білім алушыларға тек дайын ақпаратты бермейді, керісінше, білім алушыларды белсенді ізденуге, ойланып, зерттеуге ынталандырады. Сабақтың негізгі мақсаты — білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, олардың дербес білім алуын қамтамасыз ету. Ашық сабаққа әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялар бөлімінің әдіскері Ермекбаева Лаура Джасузаковна, факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.М.Утешова, факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Жалекенова және БББ-ның оқытушылары қатысты. Инсайт әдісі бойынша ашық сабақ білім алушылардың ойлау, шешім қабылдау, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Семинар сабақ барысында Survio, LearningApps, Epic Pen платформасы арқылы «Қазақтар» шежіресі туралы youtube каналы арқылы арнайы видеолар және tumalas.kz сайты арқылы ақпараттар беріліп сілтемелер білім алушыларға жіберілді. Сабақта қолданылған «рулетка», «жасанды интеллект», «тапқыштар», «сұрақ-жауапқа құрылған хат» әдістері қолданылды. Семинар соңында рефлексиялық кезеңдермен білім алушылардың оқу процесіне белсенді қатысуын арттырып, олардың білімін тереңдетуге ықпал етуге және сабақтың мақсатына жетуге көмектесті.