2025 жылдың 18 ақпан күні Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасында «6В01601-тарих» және «6В02202-тарих, мұрағат ісі және мұражайтану» білім беру бағдарламасы 2 курс студенттеріне Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Қадыр Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін қазақ мектебінің педагог-психологы Хангужина Назира Жұмагелдіқызы «Менің мақсатым және жоспарларым» тақырыбында тренинг өткізді. Сонымен бірге, аталған Қ.Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін қазақ мектебінің директоры, педагог-әдіскер Талипова Нұрсауле Жандарбековна болашақ педагогтарға мектептегі тарих мұғалімдерінің портфолиосы, жаңартылған білім берудегі технологиялары, мектеп мұғаліміне қойылатын жаңа талаптар туралы ой-пікірлерды ортаға салды. Тренинг барасында «Эйзенгауэр матрицасы» бойынша әрбір істі маңызы мен жеделдігіне қарай төрт топқа бөліп қарастыру, мақсатты жоспар құру матрицасы (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, Бас жоспар, ғаламдық мақсат, өмірлік құндылықтар) бойынша тренингтар жүргізіліп, студенттердің аса қызығушылығын оятты.
Тренингте студенттер мұғалім берген тапсырмалар бойынша өздерінің жоспарларымен бөлісіп, бір-бірімен кері байланыс жасауға мән берді. Сабақ жоғары деңгейде жан-жақты талданған пайдалы әдістемелік тренинг болды.