Іс-тәжірибе бөлісу семинары өтті

Университеттің жас педагог қызметкерлерінің кәсіби деңгейін және педагогикалық дағдыларын арттыруға үлес қосу мақсатында 08.01.2024 ж. күні «ЖОО-дағы семинар және практикалық сабақтарды өткізудің әдістемесі» тақырыбында іс-тәжірибе бөлісу семинарын өткіздім.

Семинар барысында дәріс түрлері және олардың дидактикалық қызметтері, дәріс артықшылықтары мен кемшіліктері талданылды, семинар сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау әдістері: «ЕНАРА» стратегиясы (5R) маңыздылық кестесі, HIPP формуласы, ПТМС формуласы, GREAT формуласы, IDEA формуласы, STEEPLE-талдау, SWOT-талдау және т.б. сипатталып, бұларды семинар сабақтарында қолдану мысалдармен көрсетілді. Сондай-ақ, кері байланыс құралдары ретінде Survio, Mentimeter, LearningApps, Epic Pen және т.б. платформаларын жасақтау жолдарын үйрететін youtube каналындағы шеберлік сабақтарына арнайы сілтемелер берілді.

                                                                                                                                                                                                  Мухангалиева Жанар Кажмуханбетовна


Басып шығару