Ғалымның жетістігі – ұжымның қуанышы!

Тарих саласы үнемі ізденісті, жаңашылдықты талап етеді. Тарих ғылымының дамуы соңғы жылдары біртіндеп дамып келеді. Бүгінде тарих ғылымының дамуына үлес қосып, жаңа тың деректер бойынша зерттеу жүргізіп, Отандық тарихта ғылыми жаңалықтар ашуда тарихшы ғалымдарымыздың сүбелі үлесі зор болып келеді. Осы бағытта бірнеше жылдар жоғары оқу орнында қызмет жасап, ғылым жолына үлес қосып келе жатқан ҚР Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Жақсығалиев Жаңабек Жаңабайұлының  Scopus базасындағы халықаралық рецензияланатын  «European Journal of Science and Theology»  ғылыми журналында  «CONFESSIONAL RELIGIOUS EDUCATION REFORMS AND ITS IMPACT ON MUSLIM IDENTITY IN KAZAKHSTAN 1860-1917» мақаласы жарияланды.

Ұжым атынан Жаңабек Жаңабайұлының ұстаздық қызметіне толағай табыстар мен ғылым  жолына жетістік пен шығармашылық өрлеу тілейміз!

ҚР Қазақстан тарихы кафедрасының ұжымынан

 


Басып шығару