7 қараша күні ҚР Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жаңабайұлы ист - 21 тобы тарихшы студенттерге "Тектілік феномені" тақырыбында дәріс өткізді. Дөңгелек үстел барысында Жаңабек Жаңабайұлы қазақ халқындағы тектілік ұғымы мен тектілік мәселесін жан жақты тарихи тұрғыдан өрбіте білді. Дәріс өте қызықты және құнды ақпараттарға толы болды. Студенттер өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
Ұйымдастырушы: ист -21 тобының кураторы phd, аға оқытушы Сабыргалиева Назгуль Бактыгалиевна





