"Қазақстан этнологиясы" және "Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері" тақырыбына кіріктірілген сабақ оздырылды

Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында!  Білім беруді ізгілендіру мен демократияландыру оқытудың әдіс тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыруды, әсіресе, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді талап етеді. Осы орайда 2 қараша күні Қазақстан тарихы кафедрасы оқытушылары т.ғк., доцент Боранбаева Бақтылы Сансызбаевна мен  аға оқытушы, phd doctor Сабыргалиева Назгуль Бактыгалиевнаның ұйымдастыруымен "Қазақстан этнологиясы" және "Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері" пәндерінен ист-21, ист-23 топтарына кіріктірілген сабақ оздырылды. Топ студенттері тақырып аясында жан жақты талдаулар жасады. Екі пәннің бірігіп оқытылуы аясында студенттердің білімі тұтас әрі терең дамып, ой өрісі мен қызығушылығы арта түседі. Пән аралық өткізілген сабақтың нәтижесінде студенттер өз ойларын ортаға салып, әр пікірін дәлелдеуде тиянақтылық, жүйелілік пен бірізділік көрсете білді.

 


Басып шығару