2017 жылғы конференция

 

2017 жылдық 8 ақпан күні Қазақстан Халқы Ассамблеясымен бірге «Ортақ тарих, ортақ тағдыр - біртұтас ұлт»халықаралықғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференция жұмысы барысында Қазақстандағы этникааралық және конфессияаралық қатынастар, еуразиялық кеңістіктегі интеграцияның дамуы, қазіргі кезеңдегі Қазақстан дамуының түрлі аспектілері мәселелері қарастырылды. Конференция жұмысына БҚО әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» ҚММ сараптамалық бөлімінің жетекшісі Жумина А.Т., ҚХА кафедрасының меңгерушісі Салов В.Ю., РФ ғалымдары, Қазақстанның басқа облыстарынан ғалымдар, М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты.

29.11.2017 күні М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәжіліс залында Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Н.Ә. Назарбаев және Қазақстан қоғамының жаңғыруы» атты дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстелде «Қазақстан Республикасы тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бижанова Алия Ермекқызы «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев – мемлекеттік билік пен халық бірлігінің символы», «Рухани жаңғыру» институтының ғылыми қызметкері, Шайхиев Тұрар Төлегенұлы, «Адами капиталдың дамуы – қоғамның жаңғыруының кепілі!», «Құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, Нұржанова Айнагүл Қанатқалиқызы «Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі», «Қазақстан Республикасы тарихы» кафедрасының оқытушысы, тарих магистрі, Абдрахманова Ғазиза Серікқызы «Жас таланттарды қолдаудағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ролі» атты тақырыптардағы баяндамалар жасалды.

13.12.2017 ж. күні Тәуелсіздік Күнін тойлауға арналған «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына кафедра ПОҚ-ы және студенттер қатысты. ҚР-ның Тәуелсіздік алу кезеңіндегі даму мәселелері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тәуелсіздік идеясын қалыптастырудағы ролі, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны мен ролі мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды.


Басып шығару