«Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық бренд және халық дипломатиясы институты ретінде»

2025 жылдың 26 ақпан күні саяси ғылымдар докторы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ның профессоры, «Шаңырақ» ҚХА кафедралар қауымдастығының төрайымы Калашникова Наталья Павловна М. Өтемісов атындағы БҚУ «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану», «Әлеуметтану» мамандықтары студенттеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық бренд және халық дипломатиясы институты ретінде» тақырыбында дәріс оқыды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бірлік, татулық және ынтымақ – елдігіміздің мызғымас тұғыры және мемлекетіміздің басты құн­дылығы. Қазақстан халқы Ас­самблеясы, осы идеология­ны сеніммен, жүйелі жүзеге асырып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның «Бір­лік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында барша хал­қымыздың стратегиялық бағда­рының түпкі мәнін осы үш ұғым дәл әрі нақты білдіретінін, ел саясатының бұлжымас бағдары болып қала беретінін айтқандығын баса көрсетті. Бүгінде Ассамблеяның инсти­туционалдық әлеуеті нығайып, ұйым жетекшілері мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне және реформаларды ілгерілетуге белсене араласа бастады. Бұл бір жағынан ҚХА-ның 30 жылда өткен трансформациясының бас­ты жетістігі деуге болады.


Басып шығару