2025 жылдың 22 қаңтар күні Ресей Федерациясы Орынбор мемлекеттік университетінің «Цифрлі әлеуметтану» орталығының директоры Дубенский Антон Анатольевич М.Өтемісов атындағы БҚУ «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану», «Әлеуметтану» мамандықтары студенттеріне «Орынбор мемлекеттік университетінің Цифрлі әлеуметтану орталығы» тақырыбында дәріс оқыды.
Бүгінгі әлемде жасанды интеллектінің дамуына байланысты ғылымды цифрландыру қарқын алып келеді. Антон Анатольевич Орынбор мемлекеттік университетінің «Цифрлі әлеуметтану» орталығының осы бағыттағы жинақтаған тәжірибесімен бөлісті. Әсіресе, әлеуметтанулық зерттеулер мен мониторингтер жүргізу, контент - талдаулар жасау барысында цифрлі дамудың орасан зор артылықтары туралы айтылды.



