Халықаралық қатынастар мамандығының 3 курс студенті Утеуова Асем Жантуреевна 17. 02.2018 - 05.07.2018 аралығында акедемиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польша еліне оқуға барып келген болатын. Ол Быдгощ қаласындағы Ұлы Казимир атындағы мемлекеттік университетінде білім алды. Университет Польшаның ең жас мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Оның негізі 2005 жылы қаланған болатын. Сол университетте Асем саясаттану мамандығында оқып, қосымша білім алды. Барлық пәндер ағылшын тілінде өтті. Басқа елден келген профессорлармен және НАТО Бас хатшысының көмекшісі Патрик Тюрнермен кездесу өткізілді. Бұл кездесуден Асем көптеген мәліметтер алды және білімін арта түсіруге үлесін қосты. Казимир Университетінде оқытушылармен қатар жердің шет-шетінен келген студенттер жылулықпен қарсы алған. Университет ұжымдастары 1 жұма бойы қаламен және Университетпен таныстырған және ол шаралар студенттерді достыққа жетелеген. Шетелде көптеген жаңа достар пайда болды. Асемге бұл Еуропадағы оқу көптеген жақсы сәттер қалдырған, оның жауапкершілігі артып, коптеген дос-құрбыларын кездестірген және әлі күнге дейін олар көптеген желілер арқылы сөйлесіп тұрады.