Жапаров Сұлтанның академиялық ұтқырлық бойынша есебі

Жапаров Султан Италияда Флоренция қаласында академиялық ұтқырлық бойынша бір семестр оқыды. Оқу кезеңі 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап 2018 жылдың наурыз айына дейін 1 семестрді құрады. Оқу Флоренция университетіңде өтті.

Флоренция университетінде кредиттік оқыту жүйесі, оқу семестірі басталар алдында оқитын пәндерді студент өзі тандайды. Университетте сабаққа қатысу міндетті емес, бірақ емтиханда жақсы балл алу үшін студент пән бойынша жоғары білімін көрсетуге міндетті.

Университетте материалдық-техникалық базасы үлкен, оқу материалдары әрқашан қолжетімді. Сондай-ақ, шетелдік оқытушылар мен мамандардың халықаралық қатынастардың түрлі аспектілеріне көзқарасы ерекше қызықты болды.

Оқу кезеңінде ағылшын тілімнің деңгейің жетілдірдім, шетелдік студенттер мен оқытушылармен коммуникация дағдыларың меңгердім. Жергілікті көрікті жерлерге бару және әр түрлі елдердің студенттерімен тығыз байланыстар өте қызықты болды.


Басып шығару