Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасы
Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасы 1991 жылдың наурыз айында құрылған. Алғашқыда құрамында тарихшы ғалымдар топтасқан (тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.З.Рысбеков, профессор Г.А.Кушаев, доцент Р.З.Мұқанова т.б.).
Кафедра құрамы осы жылдарға дейін үздіксіз жас ғалымдармен толығып отыр.
2003 жылдан бастап магистратура бөлімдері ашылды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 1999 жылы қаңтар айынан «07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасы тарихы)» мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін Диссертациялық Кеңес ашылды, ал 2005-2010 жылдар аралығында біріккен докторлық Диссертациялық Кеңес жұмыс жасады.
Кафедраның маңызды құрылымдық бөлімшелерінің бірі – 2003 жылы ашылған Археологиялық музей болып табылады. Оның қорында 1967 жылдан бері жүргізілген археологиялық экспедициялар барысында алынған бірегей жәдігерлер сақталған. Музей коллекциясы жаңа экспонаттармен үнемі толықтырылып отырады.
Қазіргі уақытта кафедра 5 білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады:
- «6В01601-Тарих»
- «6В01602-Тарих-қоғамтану (ІР)»
- «6В02202-Тарих, мұрағат ісі және мұражайтану»
- «7М01601-Тарих»
- «7М02201-Тарих»
2025-2026 оқу жылында барлығы 20 профессор-оқытушылар жұмыс жасайды. Оның 14 ПОҚ штаттық негізде, 3 оқытушы қосымша негізде және 3 практика базасынан (мектеп, музей, архив) арнайы шақырылған маман-оқытушылар, яғни келісім-шартпен практиктер. Кафедраның ғылыми әлеуеті – 71 % құрайды. Оның ішінде – 4 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, оның ішінде 2 қауымдастырылған профессор, 2 PhD философия докторы (тарих), 1 аға оқытушы, 2 оқытушы магистрлер және қосымша негіздегі 1 профессор, 1 доцент, 1 оқытушы магистрлер жұмыс жасайды. Кафедра бойынша соңғы 10 жылда 5 ЖОО-ның «Үздік оқытушысы» (Т.З. Рысбеков - 2013, Ұ.Т. Ахметова - 2014, А.Ш.Журасова - 2015, А.С. Байбулсинова - 2017, Л.С. Серикова - 2018) және 5 оқытушы «Болашақ» бағдарламасының түлектері (Г. Абдрахманова, Н.Б. Сабыргалиева, Н.Н. Майманова, М.Г. Дюсенгалиева, Ж.К. Нурмуханов) жұмыс жасайды.
Кафедра 2 ғылыми бағытты негізге алады.
- Отан тарихының өзекті мәселелері және өлкетану
- Археология.
Кафедрада қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіледі. ҚР тарихы кафедрасында ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің тарапынан гранттық қаржыландыру жобалары мен шаруашылық келісімшарт аясында жасалған ғылыми-зерттеу жұмысы қарқынды жүргізілуде. 2025-2026 жылдары қаржыландырылған ғылыми жобалардың тізімі - 6.

Аты-жөні, тегі: Мухангалиева Жанар Кажмуханбетовна
Білімі, қызметі, оқыту тәжірибесі: 1999 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетіне түсіп, 2003 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін 030640 - «Тарих және география» мамандығы бойынша толық курсын үздік бітіріп шықты. Осы жылдан бастап еңбек жолын Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «ҚР тарихы» кафедрасында оқытушы қызметінен бастады. Жалпы еңбек өтілімі – 23 жыл.
Қызмет барысында студенттерге Ежелгі Қазақстан тарихы, Ежелгі Қазақстан тарихы мен мәдениеті, Тарихи өлкетану, Мұрағаттану негіздері, Қазақ диаспорасы тарихы, Батыс Қазақстан тарихы, Қазақ халқының рухани мәдениет тарихы, Ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру негіздері, Оқыту әдістері мен технологиялары және басқа әртүрлі курстардан оқу-әдістемелік кешендер, тестілер жинағын, билет сұрақтарын дайындап, дәрістер оқып, семинарлар, ОЖСӨЖ сабақтарын жүргізеді.
Педагогикалық сараманды ұйымдастыру мен өткізу тәжірибесі: 6В01601 – «Тарих», 6В02202 – «Тарих, мұрағат ісі және мұражайтану» БББ бойынша бакалавриаттың 3-4 курстарына педагогикалық, дипломалды, ғылыми-зерттеу сарамандарына әдіскер, ғылыми кеңес береді.
Қосымша білімі (сертификаттары):
- 2024ж. шілде – курс «Сыни тұрғыдан оқу мен жазу» Қазақстандық оқу қауымдастығы. Алматы;
- 18 қазан 2005ж. – 18 қаңтар 2006ж. – ағылшын тілі курсы, Орал-Андас, Орал;
- 2007 ж. 22-27 қаңтар – «Оқу үрдісінде оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологияларын және құралдарын пайдалану» курсы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал;
- 2009 ж. 26 қаңтар – 6 ақпан – «ДК операторы» курсы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аймақтық оқу орталығы, Орал;
- 2011 ж. қаңтар – «Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу» курсы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал;
- 2013 ж. 1-17 қыркүйек – «Қазіргі дінтанудың өзекті мәселелері» курсы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал;
- 2014 ж. қазан – ELSEVIER BV certificate of participation in Science Direct and Scopus for training cертификаты, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, Алматы;
- 2014 ж. 8 қараша – Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, Алматы;
- 2015 ж. қаңтар – «Тәжірибеге бағытталған оқыту» атты семинар-тренинг, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал;
- 2015 ж. 2 ақпан – 20 наурыз – Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары негізінде әзірленген педагог кадрларын даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне арналған қосымша кәсіби білім беру бағдарламалары курсы, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті бірлесіп өткізген, Астана;
- 2019 ж. 23 наурыз – 25 сәуір – «Инновациялық білім беру бағдарламалары» курсы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал;
- 2019 ж. 23 наурыз – 25 сәуір – «Орта және Орта Азияның тарихқа дейінгі археологиясы» курсы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал;
- 2019 ж. 14 қазан – 7 қараша – «Университеттегі оқытудың инновациялық-ғылыми әдістері» курсы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал; «Инновациялық білім беру бағдарламалары» атты курс, 2019ж.;
- 2019 ж. 9 желтоқсан – Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда: тарихы, мұрасы және оқыту ерекшеліктері» атты семинар, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал;
- 2020 ж. 14-25 қыркүйек – «Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы» курсы, «Батыс археология» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС, Орал;
- 2020 ж. 12-27 қараша – «Смарт білім беру: әдістемелер мен технологиялар ресурстары» курсы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы;
- 2020 ж. 16-30 қараша – «Қазақстан Республикасы тарихы (Қазақстанның ежелгі, ортағасырлар, жаңа және қазіргі заман тарихы, Тарихи өлкетану, Түркі халықтарының тарихы, Қазақ диаспорасы тарихы, Қазақ халқының мәдениетінің тарихы, Қазақстан қалаларының тарихы)» курсы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал;
- 2021 ж. 15 қараша – 30 желтоқсан – «New methods in the study and teaching history» курсы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал;
- 2024 ж. 19 ақпан – 2 наурыз – «Түркі халықтарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары: заманауи трансформациялар мен ерекшеліктер» курсы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент;
- 2025 ж. 27 қаңтар – 9 ақпан – «Орталық Азиядағы әлемдік мұраны сақтау және басқару саласындағы тарихи ғылым мәселелері» курсы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент;
- 2025 ж. 19-31 мамыр – «Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін ЖОО оқытушыларын даярлау» курсы, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті, Алматы;
- 2025 ж. 16-27 маусым – «Жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби шеберлігін жетілдіру (Ежелгі Қазақстан тарихы мен мәдениеті, Тарихи өлкетану, Батыс Қазақстан тарихы)» курсы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы;
- 2025 ж. 13-24 қазан – ««Жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби шеберлігін жетілдіру (Отан тарихын зерттеудегі жаңа бағыттар, Ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру негіздері, Оқыту әдістері мен технологиялары)» курсы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы;
- «Баршаға арналған генератив ЖИ» онлайн курс, 2026ж
- «Create Informative Presentations with Microsoft PowerPoint» онлайн курс, 2026ж.
- «Innovative Teaching with ChatGPT» онлайн курс, 2026ж.
- «Create video, audio and infographics for online learning» онлайн курс, 2026ж.
Ғылыми қызметі: 2010 жылы «1966-1985 ж.ж. Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытудағы әйелдердің рөлі (Батыс Қазақстан аймағының материалдары бойынша)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
Бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар және басқа ресурстардың жарық көруі, оларды тәжірибеге енгізу мен нәтижелілігі:
«Периодические издания Российских научных обществ и учреждений, труды их членов по изучению Казахстана (XVIII – нач. XX вв.)» атты библиографиялық көрсеткіштің (2014ж.), «Қазақстанды зерттеген ғылыми қоғамдар мен мекемелер тарихы (ХІХ-ХХ ғғ.)» (2014ж.) атты электрондық оқыту құралының бірлескен авторы, 1966-1985 ж.ж. Батыс Қазақстан ауыл әйелдерінің еңбек және әлеуметтік белсенділігі» (2018ж.) атты монографияның авторы және «Батыс Қазақстан аймағындағы әулиелік қорымдар: тарихы мен тағылымы» атты монографияныңбірлескен авторы (2019ж.), «Тарихи өлкетану» (2018ж.) атты оқу-әдістемелік құралының авторы, «Тарихи өлкетану» (2019ж.) атты оқу-әдістемелік құралдың толықтырылған 2-басылымының бірлескен авторы, «Тарихи өлкетану. Электронды оқу құралы» (2022) бірлескен авторы. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің Жарғысында, М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жарғысында, БҚГА Жарғысында, Қазақ тарихы ғылыми-әдістемелік журналында, Вопросы истории и археологии Западного Казахстана ғылыми журналында, Modern Issues in Kazakhstan. International Center for Education and Technology, History of science and technology импакт-факторлы журналдарында, аймақтық, республикалық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдар жинағында жарық көрген 26 ғылыми мақалалар мен тезистердің авторы және бірлескен авторы
Электрондық почтасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Ұялы телефоны: +7 708-513-91-84














