
2019-жылғы 1-қазанда дәстүрге айналған Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы топтарының кездесу кеші" өтті. Аталмыш шараның мақсаты: жаңадан қатарымызға қосылған бірінші курс студенттерімен танысу, студенттік өмірлерін тиімді, әрі қызықты өткізуге баулу.
Кездесу кешіне Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 1,2,3,4-курс студенттері мен кураторлары қатысты.
Алғы сөз алған ГМУ-21 тобының кураторы Зульфара Юмагазиевна бірінші курс студенттерін университет табалдырығын аттауларымен құттықтап, биыл оқуды тәмамдайтын төртінші курс студенттеріне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ кездесу кешінде факультеттің өрендерінен құралған ұлттық аспаптар триосы өнер көрсетті.
Әрі қарай әр топтың студенттері кезек-кезек сөз алып, өздерін таныстырды. Студенттік шақтарының қызықтарымен бөлісті.
Кеш ұйымдастырушыларының бірі Мағжан СМАҒҰЛ 2020-жылдың Президент жарлығымен "Еріктілер жылы" деп аталғанын, 1-курс студенттерін белсенді болуға, университетіміздің еріктілері қатарына қосылуға шақырды.
Кеш соңында ГМУ-21 тобының студенттері дәстүрлі шараны өткізу эстафетасын ГМУ-11 тобына салтанатты түрде табыстап, 1 және 4-курс студенттеріне арнайы сыйлықтарын табыстады.
Кеш ұйымдастырушысы: ГМУ-21 тобы

