Факультет басшылығы
Тарих, экономика және құқық факультеті 1938 жылы 1 қыркүйекте А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институт базасында құрылды. Қазіргі таңда факультет М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ірі факультеттерінің бірі болып табылады. Факультеттің негізгі миссиясы білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша жоғары білікті мамандар даярлауда алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып оқыту және қоғам мен мемлекеттің, жеке тұлғаның қазіргі заманғы жаңа білім беру инфрақұрылымы сұраныстарына сәйкес ресурстарды пайдалану.
Факультет бакалавриат пен магистратураның келесідей білім беру бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттарды дайындауды және қайта дайындауды жүзеге асырады.
Бакалавриат |
Магистратура |
6В01601 Тарих |
7М04101 – Экономика |
6В02201 Тарих, мұрағат ісі және мұражайтану |
7М04103 – Менеджмент |
6В03102 Халықаралық қатынастар |
7М04106 Мемлекеттік және жергілікті басқару |
6В03101 Әлеуметтану |
7М01601 – Тарих |
6В03106 Аймақтану |
7М02201 – Тарих |
6В04108 Экономика және менеджмент |
7М03102 – Халықаралық қатынастар |
6В04202 Құқықтану |
|
6В04203 Құқық қорғау қызметі |
|
6В04204 Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу |
|
6В04111 Есеп және аудит |
|
6В04105 Қаржы |
|
6В04102 Экономикалық қауіпсіздік |
|
6В04106 Мемлекеттік және жергілікті басқару |
|
6В04114 Маркетинг және бизнес |
|
6В11101 Туризм |
|
6В04110 Адам ресурстарын басқару |
|
Факультетте ғылыми-зерттеу жұмыстары Отандық тарихтың өзекті мәселелері, экономиканың аймақтық мәселелері мен азаматтық қоғамдағы құқықтық сауаттылықты арттыру бағыттары бойынша жүргізіледі.
Факультет студенттері бірінші курстан бастап ғылыми жұмыстармен айналысады. Бастамашы зерттеушілер студенттік және жоғары оқу орындары арасындағы студенттік конференциялар мен олипиадаларға қатысады. Факультетте 8 ғылыми студенттік үйірме жұмыс жасайды: Панорама, Консенсус, Жас ғалым, Алаштану, Бизнес және кәсіпкерлік, Круиз, Криминалистиқалық полигон, Заң клиникасы. Студенттер жыл сайын студенттік ғылыми жұмыстар байқауына қатысады.
Мекен-жайы: Орал қ., Сарайшық көшесі 34, №3 ғимарат, №204 кабинет
Телефон: 8 (7112) 51-20-39