Академиялық ұтқырлық – халықаралық білім беру кеңістігіне ғылым мен жоо-ның интеграциялануының маңызды жақтарының бірі.
Академиялық ұтқырлық студенттің жеке дамуы үшін маңызды және түлектердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
Академиялық ұтқырлықты іске асыру үшін серіктес жоо-мен екіжақты келісімшарттармен қатар, жоо-дың консорциумдарына, халықаралық қорлардың алмасу бағдарламаларына қатысу жүргізіледі.
Академиялық ұтқырлық:
- Қазақстандық білімнің халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануына;
- Адам капиталының даму деңгейі мен білім сапасының артуына;
- Қазақстандық білім беру бағдарламаларының шетел университеттерінің бағдарламаларымен үйлесімділігі мен танылуына;
- Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімнің интернационализациялануын күшейтуге қабілетті.
Акдемиялық ұтқырлық келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
- жоғарғы оқу орындары арасындағы ынтымақтастық шеңберінде, академиялық алмасу бағдарламасы шеңберінде білім алу;
- біріккен білім беру бағдарламалары шеңберінде білім алу;
- факультет оқытушыларының ғылыми және педагогикалық тағылымдамадан өтуі.