«Бухгалтерлік есеп – бизнестің ар-ожданы» Л.фон Мизес
Сенің болашақ жетістігін осы жерден басталады!
«Есеп және қаржы» кафедрасы бухгалтерлік есеп және қаржы саласына бағытталған фундаментальды және тәжірибелік білім беру арқылы жоғары сапалы біліммен қамтамасыз етіп келеді. Жаһандану және жалпы ақпараттық және білім беру кеңістігін қалыптастыру дәуірінде кафедра алдында дамудың жаңа сапалы келешегі ашылуда.
Кафедра миссиясы – мемлекеттің және халықаралық ынтымақтастықтың алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық және рухани міндеттерді шешуге белсенді тарту және қатысу үшін қажетті құзыреттілік пен дағдыға, заманауи жүйелі білімге ие бухгалтерлік есеп, аудит, қаржы және талдау саласында жоғары білікті мамандарды даярлаудан тұрады.
Кафедрада білім беру қазақстандық және халықаралық жоғары білім беру стандарттары, ғылым мен тәжірибенің жаңа жетістіктері негізінде және көшбасшылық мәдениетті бітірушілердің тәрбиесіне баса назар аудара отырып жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта есеп және қаржы кафедрасында мамандарды сапалы дайындау үшін келесі жағдайлар жасалған::
1. Тәжірибелі профессор-оқытушылар ұжымының болуы. Барлық оқытушылардың базалық білімі, үлкен тәжірибелік және педагогикалық жұмыс өтілі бар.
2. Білім берудің ұлттық және әлемдік стандарттарына, бизнестің аймақтық ерекшеліктерінің мазмұны мен құрылымына сәйкес келетін кафедраның мамандықтары бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу.
3. Студенттердің студенттік қоғам арқылы конференцияларға, семинарларға, халықаралық конкурстарға және т. б. іс-шараларға қатысу арқылы азаматтық позициясын, креативті қабілеттерін дамыту, оқу іс-әрекетінің зияткерлендіру факторы ретінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының әлеуетін арттыру.
4. Білім берудің практикалық бағытын күшейту, соның ішінде жетекші компанияларда кафедра филиалдарын құру арқылы, ғылыми дәрежесі бар қаржыгерлерді, практик-бухгалтерлерді, бизнес-құрылымдардан жоғары білікті мамандарды оқыту мен дипломдық жұмыстарға басшылық жасауға тарту.
5. Көптілді білім беруді енгізу, дуальды білім беру бағдарламаларын арттыру.
6. Қазақ және орыс тілдерінде оқытудың кредиттік технологиясы талаптарына бейімделген оқу құралдарының жаңа буынын құру.
Кафедра қызметінің мақсаты – заманауи технологияларды қолдану арқылы білім беру бағдарламаларын тиімді іске асыру есебінен мамандарды сапалы дайындау.
Белгіленген мақсатқа жету үшін есеп және қаржы кафедрасы келесі міндеттерді шешуді қарастырады :
* аймақтық, республикалық, ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарының сұраныстарының өзгеру үрдістеріне сәйкес элективті пәндерді жаңарту;
* модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
* тәжірибелік ғылыми-білім беру ортасын құру шарты ретінде білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту;
* кафедраның оқу, материалдық-техникалық базасын үздіксіз жетілдіру және жаңарту;
* оқу-тәрбие процесін басқару жүйесін одан әрі жетілдіру;
* ПОҚ кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, олардың бастамалары мен шығармашылық белсенділігін қолдау және ынталандыру;
* білім беру материалдарын тиімді игеру үшін қажетті инновациялық технологияларды енгізу;
* бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мақсатында кафедраның әлеуметтік әріптестігін жетілдіру.
Дайындау бағыттары:
Есеп және қаржы кафедрасы шығарушы кафедра болып табылады және келесі білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық дағдыларға ие білікті білімді мамандарды дайындау бағытында жұмыс істейді:
Есеп және аудит (бакалавриат);
Қаржы (бакалавриат);
Экономикалық қауіпсіздік (бакалавриат)
Адам ресурстарын басқару (бакалавриат)
«Есеп және аудит» (бакалавриат) және «Қаржы» (бакалавриат) білім беру бағдарламаларында Major-minor «Экономикалық қауіпсіздік» принципі бойынша қосымша білім беру бағдарламасы қарастырылған.
Есеп және қаржы кафедрасының профессор-оқытушы құрамы:
Искакова Балым Габасовна - э.ғ.к.,доцент, кафедра менгерушісі
Бурахта Александр Николаевич - э.ғ.к.,доцент
Турченко Анна Александровна - э.ғ.к., аға оқытушы
Ерниязова Алия Айбековна -э.ғ.к., аға оқытушы
Ахонова Гульнара Кентибаевна -э.ғ.к., аға оқытушы
Шамакова Нафиза Гумаровна - аға оқытушы
Мустафина Айгуль Салыховна - аға оқытушы
Жангалиева Рая Уалилиевна - аға оқытушы, қаржы магистрі
Алтыбаева Шынар Мендигалиевна - аға оқытушы, қаржы магистрі
Тогжанова Алина Кадыровна - оқытушы, экономика магистрі
Баудиярова Элеонора Нурлыбековна - аға оқытушы, экономика магистрі
Төлепов Әділ Ерболатұлы - аға оқытушы, экономика магистрі
Аубекерова Гулбану Хабиевна - аға оқытушы
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының Тәуелсіз рейтингісінде «Есеп және аудит», «Қаржы» мамандықтары мамандарды даярлаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша 2014 жылдан бастап алдыңғы қатарда. «Атамекен» ҰКП мен ҚР БҒМ рейтингісінің 2021 жылғы қорытындысы бойынша М. Өтемісов атындағы БҚУ-нің «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы 65 Қазақстанның ЖОО арасында 16 орын және «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша 74 ЖОО арасында 11 орын алды.
2021 жылдың мамыр айында кафедраның барлық мамандықтары Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде (АРТА) 5 жыл мерзімге арнайы аккредитациядан өтті.
Кафедра түлектері өздерін Қазақстан экономикасының түрлі салаларында бухгалтерлік есеп мамандары, бизнесмендер және мемлекеттік қызмет қызметкерлері ретінде табысты қызмет етуде. Олардың көпшілігі Қазақстанның жоғары оқу орындарында да, шетелде де өз білімін жалғастырды. Университет қабырғасында алған білім деңгейі Қазақстанның, Кореяның, Ресейдің үздік университеттерінде білім алу бойынша әртүрлі гранттардың иегерлері болуға мүмкіндік берді. Жоғары ғылыми-педагогикалық әлеуетке ие және қарқынды дамып келе жатқан кафедра елдің қаржы, есеп және аудит саласындағы бағдарламалық құжаттарында қойылған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға елеулі үлес қосады.