Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша білімалушы студенттерге дәріс оқылды

Бүгін университетімізде БҚО әділет демартаментінің мамандары құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша білімалушы студенттеріне дәріс оқыды. Департаментін құқықты түсіндіру және халыққа заң қызметін көрсету бөлімінің бас мамандары А. Б Усенова мен А. С Гумарова нотариаттық және адвокаттық қызметке қойылатын талаптарды, лицензия алу мен атестаттаудан өтудің заңдық жолдарың түсіндірді. Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімінің жетекші маманы Д. Н Ишанбергенов зияткерлік құқықтарды қорғау туралы баяндап сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар департаменттің атқарған жұмыстары мен құқықтық шараларын кеңінен насихаттау тұрғысынан әлеуметтік желідегі парақшаларымен таныстырылып, осы шараларға қатысуға үмітті студенттерді еріктілер тобына қабылдайтындығы атап өтілді.


Печать