Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша
М.Өтемісіов атындағы БҚУ, экономика және менеджмент кафедрасы студенттерінің 2020-2021 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бойынша жұмыстары ұйымдастырылып, білім алушылар үшін басқа жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық нұсқалары қаралды.
Соның нәтижесінде ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 6В11101-Туризм мамандығының 3 курс студенттері Кабдушева Диряра, Рзалық Айжан., 5В050600 Экономика мамандығының 3 курс студенті Бақытжанова Анар, 6В04106 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 3 курс студенті Сағұл Мағжан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне 2021 жылдың қаңтар - маусым аралығында семестрлік оқуға жіберілді. (Қосымша1)
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 6В04103 - Экономика және мемлекеттік басқару» мамандығынан 3 студент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен 1 студент, С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінен 2 студенттері М.Өтемісов атындағы БҚУ университетінің, экономика және менеджмент кадедрасында онлайн жүйесінде білім алуда. ( Қосымша 2) (Қосымша 3)
Қосымша 1