"Академиялық ұтқырлық: тәжірибе және тағылым"

Ағымдағы жылдың 30 қарашасы күні  Тарих, экономика және құқық факультетінде Бизнес, басқару және туризм БББ аға оқытушысы А. Ж. Акмалиева мен оқытушы Ж. С. Саматованың ұйымдастыруымен "Академиялық ұтқырлық: тәжірибе және тағылым" тақырыбында БҚУ халықаралық қатынастар бөлімінің жетекшісі Зубков В. С, бөлімнің кеңесші-аудармашысы Махамбетова А. Т, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Польшаның Гданьск қаласында "Туризм және қонақ үй ісі"  жоғары мектебінде оқыған университет түлегі Г. Қ. Бейбітовамен дөңгелек үстел форматында студенттермен кездесуі өткізілді.  Дөңгелек үстел барысында академиялық ұтқырлық - жоғары білім берудегі тәжірибе алмасу алаңы екені туралы ой тербете отырып, оның мәні, түрлері, беретін мүмкіндіктері мен артықшылықтары, қатысу шарттары туралы ақпарат толыққанды берілді. Бүгінде М.Өтемісов атындағы БҚУ халықаралық қызметінде жоғары білім беруді интернационалдандыруды мақсат етеді, сол бағытта университетіміз Польша, Германия, Ұлыбритания, Италия, Испания, Чехия, АҚШ, Түркия, Ресей және өзге де елдердің университеттерімен ынтымақтастық туралы 130-дан астам меморандумды іске асыруда. Дөңгелек үстел қонақтары академиялық ұтқырлықтың студенттер үшін басқа университетті тануға, оқыту жүйесін, өзге мәдениет пен тарихты, өзге тұрмысты терең білуге үлкен мүмкіндік, болашаққа үлкен саты болатынын айта отыра қорытындылап, студенттерге сәттілік тіледі.


Печать