БҚУ мен БҚО ПД арасындағы меморандум аясында отырыс өтті

    Ағымдағы жылдың 20-ы қазан күні М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті мен БҚО ПД арасындағы меморандум аясында кезекті отырыс өтті. Кездесуге БҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жалғасов Нұрмұхан және БҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Сағын Қадыржан келді. Кездесуді т.ғ.д, доцент Ә.С. Тасмағамбетов ашып, білім беру бағдарламасының ерекшеліктеріне тоқталды. Университеттің мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жетекшісі Т.С. Ермеккалиев полиция департаменті мен университет арасындағы байланысты кеңінен айтып өтті. Өз кезегінде полиция полковнигі Жалғасов Нұрмұхан полиция қызметінің қыр-сырларын айтып, жұмысқа қабылдаудың талаптарымен таныстырды. Полиция подполковнигі Сағын Қадыржан студенттермен сұрақ-жауап форматында әңгімелесе отырып университет түлектерінің қазіргі таңда өз салаларында жақсы жұмыс істеп жатырғандығын айтып өтті. Кафедра оқытушысы Т.И Казиев ПД-нің өндірістік сараманға студенттерді қабылдағандығын айтып жеткізді. Кездесуге кафедра меңгерушісі Ляззат Сериковна, кафедра оқытушылары мен бітіруші 4 курс студенттері қатысты.


Print