«Қазіргі кезендегі құқықтың өзекті мәселелері» ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті

М.Өтемісов ат.БҚУ құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 29-қараша күні Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазіргі кезендегі құқықтың өзекті мәселелері» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өтті. Конференция жұмысы үш секцияға бөлініп жоспарланып жалпы саны елуге жуық мақала тіркелді. Конференцияның пленарлық отырысында еліміздің әр өңірлеріндегі оқу орындары мен құқық қорғау органдарының өкілдері баяндама оқыды.

Конференцияның пленарлық отырсыда оқу ісі жөніндегі проректор Ә.С Тасмағамбетовтың тәуелсіздік күнінің маңыздылығына тоқталып, конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі. Конференция барысында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушылары з.ғ.к профессор Ильясова Г.А; Токатов Р.А «Қазіргі жағдайда мемлекеттік тілдегі заңдардың сапасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында;  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің  «Құқықтану» кафедрасының доценті, з.ғ.к, педогогика ғылымдарының корреспондент мүшесі Смагулова А.С «Қазіргі адам құқықтарың қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында; Алматы қаласы медеу аудандық сотының төрағасы, з.ғ.к, доцент Маликова А.Ш «Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі үш буынды моделді дамыту жолдары» тақырыбында; «Туран –Астана» университетінің ғылым және иновация департаментінің директоры, з.ғ.к, PhD доктор, доцент Смойлов С.Ж «Тәуелсіз Қазақстан:30 жыл тұрақтылық пен даму» тақырыбында; М.Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің құқықтық пәндер кафедрасы меңгерушісі Кантарбаева Д.Е «Тұлғаның қақтығыс жағдайындағы мінез-құлық моделі» тақырыбында; Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылғын профессоры, з.ғ.к Шаяхметова Ж.Б «Құқықтық мемлекет және тәуелсіздік тұжырымдары» тақырыбында баяндама оқыды.

Шара соңында оқылған баяндамаларға қатысты сұрақтар қойылып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Конференцияға қатысушылардың айтқан ұсыныстары ескерліп, қарары қабылданды және коференция материалдары басылымға ұсынылды.


Print