Халықаралық әйелдер мерекесіне орай тарих, экономика және құқық факультетінің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен “Әлемнің мәні - әйелде!” атты мерекелік концерт өткізілді. Кеште факультеттің 1-курс студенттері өнер көрсетіп, аяулы ұстаздар қауымын және факультеттің нәзік жанды аруларын құттықтады.
Шара басында тарих, экономика және құқық факультетінің студенттік деканы Елеусинова Альбина барша нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтап, факультеттің гулденуі мен өрлеуі жолында талмай еңбек етіп келе жатқан аяулы ұстаздар қауымына алғыс білдірді. Мерекелік концертте әсем әндер мен көңілді билер, домбырамен сазды күйлер мен гитарада әуезді әндер орындалды. Кеш соңында ұстаздар концерттің ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғыстарын білдірді.