«Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту – міндетіміз!»

28.03.2024 жылы Тарих экономика және құқық факультетінде Бизнес, басқару және туризм БББ-ның оқытушыларының ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту – міндетіміз!» тақырыбында «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында , кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша арнайы мамандармен дөңгелек үстел  оздырылды. Кездесуге «БҚО-ның  кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ, кәсіпкерлік және сауда бөлімінің басшысы Кабдыгалиев Мейрам Жасланұлы, БҚО-ның кәсіпкерлер палатысының эксперті Бахтыгереев Исатай Максутович және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚО бойынша аймақтық филиал директоры Тургаева Асель Тулегеновна қатысты. Шара барысында мамандар бизнесті қолдайтын барлық кәсіпкерлер үшін мемлекеттік бағдарламалар, бизнесті іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге жыл сайынғы қайтарымсыз негізде берілетін мемлекеттік гранттар, оны алуға кімдер үміткер бола алатыны, көлемі қанша, қай мақсатта пайдалана алатыны, бағдарлама аясында шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, шағын және орта бизнес субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру және кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер үшін қаржылық емес қолдау операторы ретінде кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, бизнес жоспар әзірлеу, кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа арналған консультациялық тегін қызметтер көрсету бойынша ақпараттар алынды. Алынған ақпараттар шараға қатысушыларға қызуғышылық тудырды. Дөнгелек үстел оқытушылар, білім алушылар және мамандармен сұрақ-жауап қою негізінде қортындыланды. Қатысушы мамандарға Бизнес, басқару және туризм білім беру бағдарламасының жетекшісі атынан алғыс білдірілді.


Print