Ашық дәріс ізденуші ғалымдар мен студент жастарға

15 қараша айында ҚР тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Байбулсинова Альфия Сабыргалиқызының ізденуші докторанттарға, магистранттарға және студенттерге " Батыс Қазақстандағы Гулаг жүйесіндегі саяси лагерлер" тақырыбында дәрісі өтті. Лектор Альфия Сабыргалиевна Батыс Қазақстан облысындағы лагерлер, түрмелер және жазалау орындары туралы ақпарат берді. Мұрағат деректері арқылы жаңа тың мәліметтер берілді. Студенттер өз сұрақтарын қойып, тақырып аясында қызығушылықтарын білдірді. Ашық дәріс ізденуші ғалымдармен студент жастарға қызығушылық тудырды.


Print