Доцент Б.С.Боранбаеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді

2023 жылдың 15 қараша күні Тарих, экономика факультетінде Алаштану орталығының жетекшісі т.ғ.к., доцент Б.С.Боранбаеваның ұйымдастыруымен алаш қайраткері Төлеген Иманғазиевтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Шараға тарих мамандығының  Ист-21 тобының    студенттері қатысты. «Алашшыл азамат тағдыры» атты бейнетаспа арқылы  қазақ зиялысының өмірі мен оның шығармашылық қызметі таныстырылды.  2 курс  магистрант Жұмағалиева Орынгүл  «Төлеген  Иманғазиевтің ағартушылық қызметі» тақырыбында баяндама жасады. Шара соңында студенттер алаш  қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы пікірлерімен бөлісті. Тарихи тұлғаға арналған   кітаптар көрмесі жанында  естелік суретке түсті.


Print