Тарих, экономика және басқару факультетінде 2023 жылдың 7 қарашасында 3-4 курстарымен «Шет тілін білу- заман талабы» тақырыбында Орал қаласының ағылшын курстарының ILTS эксперті Анара Уралбайқызымен мотивациялық кездесу өтті. Кездесуді ұйымдастырушылар Бизнес, басқару және туризм ББ аға оқытушысы, э.ғ.м., Жумагалиева М.Ю және Есеп және аудит ББ 3 курс студенті Ғабитова Аида шараның мақсатын анықтауды студенттердің өзінен жеке сұрау арқылы анықтады. Жоғары курс студенттері үшін, ағылшын тілін игеру мен дамыту бакалаврдан кейін магистратураға түсу үшін, шетелдік компанияларда жұмыстарға орналасу үшін қажет екенін айтты. Шара 3 кезеңге бөлінді. Бірінші кезеңде- эксперт маман ағылшын тілін оқудың қажеттілігі, үйрену жолдарын, курстарды дұрыс таңдау мен өзінің тілді меңгеру тәжірибесімен бөлісті. Студенттермен сұрақ алмасты. Екінші кезең- практикалық кезең ретінде студенттермен ағылшын тілінде диолог ұйымдастырылды. Үшінші кезең- ұйымдастырушы Ғабитова А. кездесудің нәтижесі ретінде ағылшын тілін жетілдіремін, белгілі деңгейді бағындырамын деген студенттердің тілегімен арнайы ұялы телефоннан «чат» ашып, 1 ай бойы студенттерге арнайы тапсырмалар беріп, үздіктерді анықтау үшін эксперт маманды бақылаушы етіп тағайындап, 1 айдан соң нәтиже бойынша марапаттауды ұсынды. Шара қонағы Анара Уралбаевна үздіктерге өзінің тарапынан тегін ILTS курсын ұсынатынын айтты. Кездесу студенттердің ағылшын тілін дамытуға деген қызығушылығы артты.